«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«№4 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Кандыагашская городская общеобразовательная средняя школа №4» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
№4 Қ андыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектепбі бойынша мектеп формасы туралы мәлімет
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» және 2016 жылғы 17 мамырдағы хаттама №3 мектепшілік ата-аналар жиналысының шешімі негізінде мектеп бойынша міндетті, мектеп формасы төмендегідей үлгіде бекітілді:
1.Ұлдардың мектеп формасы: қою көк түсті пиджак,галустук,шалбар,ақ жейде,жилет. (жилеттің түсі ата-аналар жиналысында таңдалған мата үлгісінің түсі); (шалбар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады);
2.Қыздардың мектеп формасы: қою көк түсті пиджак, ақ классикалық блузка, жилет, юбка ақ бантик. (жилет, юбка,сарафанның түсі ата-аналар жиналысында таңдалған мата үлгісінің түсі); (юбканың ұзындығы тізеден 10 сантиметр төмен)
3.Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма: спорттық костюмнен (спорттық шалбар,куртка,футболка);
спорттық аяқ киімнен (кроссовки,кеды)тұрады.
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз»
2024 жылғы 20 ақпанда «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі Ақтөбе қаласы, «High school Aktobe» жеке мектебінде өткізілді.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуеті мен өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді, кәсіби көзқарасын қалыптастыру, үздік педагогикалық идеяларды насихаттау.
Педагогикалық олимпиадаға 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар пән мұғалімдері, психологтер, тәлімгерлер, барлығы 47 педагог қатысты.
Олимпиада мазмұны педагогикалық зерттеу қызметінің шеберлігін, педагогикалық білім беруді, педагогтің жеке кәсіби маңызды қасиеттерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қарастырды.
Жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иегерлері а. ж. 4-6 наурыз күндері Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысады.
«№4 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Кандыагашская городская общеобразовательная средняя школа №4»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»







