Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» және 2016 жылғы 17 мамырдағы хаттама №3 мектепшілік ата-аналар жиналысының шешімі негізінде мектеп бойынша міндетті, мектеп формасы төмендегідей үлгіде бекітілді:
1.Ұлдардың мектеп формасы: қою көк түсті пиджак,галустук,шалбар,ақ жейде,жилет. (жилеттің түсі ата-аналар жиналысында таңдалған мата үлгісінің түсі); (шалбар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады);
2.Қыздардың мектеп формасы: қою көк түсті пиджак, ақ классикалық блузка, жилет, юбка ақ бантик. (жилет, юбка,сарафанның түсі ата-аналар жиналысында таңдалған мата үлгісінің түсі); (юбканың ұзындығы тізеден 10 сантиметр төмен)
3.Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма: спорттық костюмнен (спорттық шалбар,куртка,футболка);
спорттық аяқ киімнен (кроссовки,кеды)тұрады.





