Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«№4 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Кандыагашская городская общеобразовательная средняя школа №4»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

Түрлі мамандық иелері -ата-ана” атты
ынтымақтастық сабағы өткізілді

“ Адал азамат ” бағдарламасын жүзеге асыруда “ Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында мектеп пен отбасы ынтымақтастығын сақтай отырып, өнегелі 15 минут,оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған “ Түрлі мамандық иелері -ата-ана”атты ынтымақтастық сабағы өткізілді.Әр түрлі мамандық иелері ата-аналар қатысты.
Қатысушылар:
1. № 4 Қандыағаш қалалық ЖББОМ тәрбиеші Науан Гулсезім Мақсатқызы
2.Мандаева Амангуль Альбековна тігінші

Сабақ барысында келген ата-аналарға мотивация ретінде әдемі тілектер жазылған қағаздар таратылып, жылы лебіздер білдірілді. Тәрбие сағатымыз жалғасын табады.

https://www.instagram.com/reel/DPoTaEeDaEn/?igsh=eGEydGo2b3pseHd0

Өткізген:Г.К.Кенжебаева
Ұйымдастырған: КББ А.Жоламан

КЕҢЕС БЕРУ САБАҒЫ


9 - сынып оқушыларына мамандыққа байланысты «Мамандықты қалай дұрыс таңдау керек?» тақырыбында жүргізілген кеңес беру жұмысы өтті.
Мамандыққа байланысты кеңестің мақсаты: оқушыларды мамандық таңдау ережелерімен таныстыру, маңыздылығын көрсету,қызығушылықтар мен бейімділіктердің маңыздылығын ашу.

Оқушылардан мамандық таңдау кезінде тұлғалық ерекшеліктер, қызығушылықтар, қабілеттер мен білім деңгейін анықтау маңызды рөл атқаратындықтан, тесттер алынды. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұжырымды жауап беріліп өтті.

Кәсіптік бағдар беру педагогі: А.Жоламан

Мектеп психологі: Р.Кенжебаева

Қандыағаш қаласында «Адал азамат Адал еңбек – Адал табыс» атты аудандық жастар форум- фестивалі өтті. «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай ұйымдастырылған форум-фестивалге Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан, Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов қатысты.

https://www.instagram.com/reel/DPlBknYDb8Y/?utm_source=ig_web_copy_link

Бүгін мектебіміздің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Маулен Даулетханұлының бастамасымен 11 сынып оқушыларына “Біртұтас ел – біртұтас жер” тақырыбында ерлік сабағы өтті. Сабақ барысында оқушыларға Отан тарихындағы ерен ерліктер, жеріміздің тұтастығы мен ел бірлігінің маңызы туралы мәліметтер берілді. Бұл сабақтың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, елжандылық, бірлік пен татулықты дәріптеу, бабалар аманатына адал болуға тәрбиелеу. Ерлік сабағына:

- Мұғалжар ауданының Ауған соғысының ардагерлері Жайық Мұқатасұлы, Әжібай Қозыбағарұлы қатысып, ерлік сабағы барысында тәлім-тәрбиеге бағытталған құнды ақпараттар айтып, өздерінің ерлік істері туралы баяндап, оқушыларды Отансүйгіштікке, батырлық пен батылдыққа шақырды.

Сабақ барысында оқушыларға еліміздің елдігін, батырлығын насихаттайтын деректі фильмдер көрсетілді. Ерлік сабағы жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне, Отанды қорғаудың маңыздылығын түсінуге зор ықпалын тигізді.

https://www.instagram.com/p/DONl0t1Decs/

Орындаған: АӘТД пәнінің мұғалімі М.Д Даулетханов

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«№4 Қандыағаш қалалық жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Кандыагашская городская общеобразовательная средняя школа №4»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»