Бүгін мектебіміздің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Маулен Даулетханұлының бастамасымен 11 сынып оқушыларына “Біртұтас ел – біртұтас жер” тақырыбында ерлік сабағы өтті. Сабақ барысында оқушыларға Отан тарихындағы ерен ерліктер, жеріміздің тұтастығы мен ел бірлігінің маңызы туралы мәліметтер берілді. Бұл сабақтың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, елжандылық, бірлік пен татулықты дәріптеу, бабалар аманатына адал болуға тәрбиелеу. Ерлік сабағына:
- Мұғалжар ауданының Ауған соғысының ардагерлері Жайық Мұқатасұлы, Әжібай Қозыбағарұлы қатысып, ерлік сабағы барысында тәлім-тәрбиеге бағытталған құнды ақпараттар айтып, өздерінің ерлік істері туралы баяндап, оқушыларды Отансүйгіштікке, батырлық пен батылдыққа шақырды.
Сабақ барысында оқушыларға еліміздің елдігін, батырлығын насихаттайтын деректі фильмдер көрсетілді. Ерлік сабағы жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне, Отанды қорғаудың маңыздылығын түсінуге зор ықпалын тигізді.
https://www.instagram.com/p/DONl0t1Decs/
Орындаған: АӘТД пәнінің мұғалімі М.Д Даулетханов






