Мектебімізде күздің алғашқы күндерінің бірінде “Шабыт” жобасы аясында «Күз кереметтері» атты шығармашылық керемет көрме ұйымдастырылды. Оқушылар табиғат сыйын шығармашылықпен ұштастырып, өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдарын көпшілікке ұсынды. Көрмеде күзгі жапырақтардан жасалған әсем композициялар, көкөніс пен жемістерден құрастырылған ерекше бейнелер, ұлттық нақыштағы қолөнер туындылары орын алды.








